Олжас Бектенов: Stadler жаңа вагондарын жеткізуді бұдан әрі кешіктіруге болмайды

788

Осыған байланысты құзырлы министрлікке міндет жүктелді.    

Олжас Бектенов: Stadler жаңа вагондарын жеткізуді бұдан әрі кешіктіруге болмайды Фото: rail-news.kz

Премьер-министр Олжас Бектенов Stadler компаниясының жаңа вагондарын барынша қысқа мерзімде жеткізуді тапсырды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Жолаушылар тарапынан вагондардың жай-күйіне қатысты шағымдар келіп түсуде. Stadler компаниясының жаңа вагондарын жеткізуді бұдан әрі кешіктіруге болмайды.  Өнеркәсіп министрлігі "Қазақстан темір жолы" және Stadler компанияларымен бірге техникалық қауіпсіздік талаптарын сақтай отырып, жолаушылар вагондарын барынша қысқа мерзімде жеткізуі қажет. Осы жылдың соңына дейін жаңа 215 локомотив пен 1,5 мыңға жуық жүк вагондары мен жолаушылар вагондары теміржол желісіне шығуға тиіс", – деді Үкімет басшысы.

Сондай-ақ биылғы 1 қыркүйекке дейін отандық өндірістің 13 мың жүк вагоны мен 500 жолаушылар вагонын сатып алу бойынша бес жылдық бағдарламаны бекіту қажеттігі туралы айтылды.

Айта кету керек, бұған дейін Премьер-министр Олжас Бектенов "ҚТЖ" басшысына тапсырма бергенін жазғанбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу