Олжас Бектенов су тасқынынан келген шығынды бағалауды апта соңына дейін аяқтауды тапсырды

216

Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі мәлім етті.

Олжас Бектенов су тасқынынан келген шығынды бағалауды апта соңына дейін аяқтауды тапсырды Фото: Үкімет

Олжас Бектенов осы аптаның соңына дейін су тасқынынан зардап шеккендерге келтірілген залалды бағалау жұмыстарын аяқтауды тапсырды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Әкімдіктерге Өнеркәсіп министрлігімен бірге тұрғындардың баспаналары мен мүліктеріне келтірілген залалды бағалау жұмыстарын осы аптаның соңына дейін аяқтауды тапсырамын.

Азаматтарымыздың қиын жағдайына түсіністікпен және жан-жақты мұқият қараңыздар. Жұмыстарды кешіктірмей, барынша тездету керек", — деді Үкімет басшысы Олжас Бектенов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу