Олжас Бектенов: "Таза Қазақстан" ауқымды экологиялық қозғалысқа айналды

235

Премьер-министр Олжас Бектенов Алтай Республикасы Манжерок қаласында өткен I Халықаралық экологиялық конференцияда сөз сөйледі.  

Олжас Бектенов: "Таза Қазақстан" ауқымды экологиялық қозғалысқа айналды Фото: primeminister.kz

Пленарлық отырыста сөйлеген сөзінде Олжас Бектенов экологиялық қауіпсіздік әлемдік "жасыл" күн тәртібінің бір бөлігі ғана емес, кез келген елдің орнықты дамуы үшін маңызды екенін атап өтті, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша "Таза Қазақстан" бағдарламасы қарқынды түрде жүзеге асып жатыр. Бүгінде ол ауқымды экологиялық қозғалысқа және қазақстандықтардың күнделікті өмірінің ажырамас бөлшегіне айналды", – деп мәлімдеді Бектенов.

Табиғатқа, туған жерге ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыруға бағытталған бұл бастама аясында табиғи аумақтарды, су қоймаларының жағалауларын тазарту және ағаш отырғызу бойынша экоакциялар тұрақты түрде ұйымдастырылып тұрады.

Сондай-ақ, Үкімет экологиялық заңнаманы жаңғыртуда, табиғат қорғау саласына озық технологияларды енгізуде, экологиялық бақылауды цифрландырып жатыр. Биоалуантүрлілікті қорғау қоры құрылуда, ерекше қорғалатын аумақтар желісі дамытылуда, тоғай бұғысы, құлан, арқар, қарақұйрық және қар барысы сияқты сирек кездесетін және жойылып бара жатқан жануарлар түрлерінің популяциясы қалпына келтірілуде.

Тұран жолбарысы мен Пржевальский жылқысын реинтродукциялау жұмыстары қолға алынған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу