Үкімет отырысы барысында жылумен жабдықтау объектілерін дайындау тәуекелдері атап өтілді

172

Олжас Бектенов вице-премьерге инфрақұрылымның жылу беру маусымына дайындығын бақылауды тапсырды.

Үкімет отырысы барысында жылумен жабдықтау объектілерін дайындау тәуекелдері атап өтілді Фото: primeminister.kz

Негізгі өңірлік жылу көздері бойынша мерзімдерді ауыстыру Екібастұз, Теміртау, Тараз, Жезқазғанда тіркелді, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

"Биыл мамыр айының басында Үкімет отырысында жөндеу мерзімін ұзартуға және олардың көлемін азайтуға жол бермеу туралы тапсырма бердім. Алайда КЕГОК операторы бекіткен жөндеу жұмыстарының кестесіне меншік иелерінің қалауы бойынша үнемі өзгерістер енгізіліп отырады, — деді отырысқа қатысушылардың назарын аударған Олжас Бектенов. — Тек биылдың өзінде кестеге 18 рет жөндеу жұмыстарын ауыстыру бойынша өзгерістер енгізілді. Бұл әкімдіктер мен Энергетика министрлігінің қатысуынсыз және келісімінсіз жасалды".

Осыған байланысты уақытылы жаңғырту және жүргізіліп жатқан жұмыстардың сапасы мәселесін бірінші вице-премьер Роман Склярдың жеке бақылауына алу тапсырылды. Проблемалық нысандарды аралау аясында Қарағанды облысына жұмыс сапары жасалды.

"Роман Васильевич, жергілікті жерлерде қажетті жедел шешімдер мен қатаң шаралар қабылдаңыз. Жөндеу жұмыстарының сапасына ерекше назар аударыңыз", — деп тапсырды Олжас Бектенов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу