Олжас Бектенов WorldSkills Kazakhstan чемпионатының қатысушыларымен кездесті

319

Премьер-министр Олжас Бектенов колледж студенттері арасында салалық жұмысшы мамандықтарындағы құзыреттілік деңгейі бойынша WorldSkills Kazakhstan 2024 ұлттық чемпионаты өтіп жатқан алаңға барды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Олжас Бектенов WorldSkills Kazakhstan чемпионатының қатысушыларымен кездесті Фото: primeminister.kz

Іс-шара жұмысқа орналасу, оның ішінде ірі халықаралық компанияларда кіру үшін оқыту сапасын, алынған дағдыларды тексеру мақсатында кәсіби-техникалық колледж студенттері мен кәсіпорындар арасындағы ынтымақтастыққа бағытталған.

Премьер-министр чемпионатқа қатысушылармен әңгімелесу барысында олардың алған білімдерінің сұранысқа ие екенін ерекше атап өтті.

"Үкімет алдына экономика құрылымын жаңғырту бойынша өршіл міндеттер қойылды. Ол үшін бізге энергетика, құрылысшы, ауыл шаруашылығы, көлік және су саласында білікті отандық мамандар қажет. Бұл ретте цифрлық трансформация мен технологиялық прогрестің сын-қатерлеріне дайын болу маңызды. Сондықтан біздің ортақ міндетіміз – қоғамның барлық ресурсын біріктіру", – деп атап өткен Олжас Бектенов студенттер өз дағдысын көрсетуі үшін арнайы мамандандырылған аймақтар құрған компанияларға алғысын білдірді.

Сол жерде колледж басшылығымен кездесу өтіп, оның барысында білім беру сапасын арттыру мақсатында кадр даярлау бойынша өзекті мәселелер талқыланды.

Биыл чемпионатқа Алматы құрылыс-техникалық колледжі, "Astana Polytechnic" жоғары колледжі, "Қазақмыс" корпорациясының политехникалық колледжі, Абай облысы білім басқармасының Радиотехника және байланыс колледжі, Халел Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау жоғары политехникалық колледжі және басқа да оқу орындарының студенттері қатысады.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, 2030 жылға дейін кадрға жалпы қажеттілік 1,8 млн адамды құрайды, оның ішінде техникалық білімі бар 1 млн-ға жуық жұмысшы қажет. Құрылыс, ауыл шаруашылығы, өңдеу өнеркәсібі салаларында үлкен сұраныс болады күтілуде.

Биыл WorldSkills Kazakhstan ұлттық чемпионаты алаңдарында 555 қатысушы электроника, өнеркәсіптік автоматика, мехатроника, инженерлік графика, кондитерлік іс, электр монтаждау жұмыстары, дәнекерлеу технологиялары, веб-технологиялар және бизнеске арналған IT-шешімдер, сән технологиялары сияқты 30 құзыреттілік бойынша өз дағдыларын көрсетпек.

2024 жылы бюджет есебінен колледждерге 142,5 мың студент қабылданды – бұл 2023 жылмен салыстырғанда 1,5 есеге көп. Дуальды білім беру жүйесі енгізіліп, оның шеңберінде 496 колледж және 7 мыңнан астам кәсіпорынмен 75 мың студентті даярлау бойынша келісімшарттар жасалды.

1 қыркүйектен бастап колледж студенттерінің шәкірақысы өткен жылмен салыстырғанда 50%-ға артты. Сонымен қатар биылдың өзінде ТжКБ үшін 2 103 орынға арналған 8 жатақхана салу жобасы іске асырылуда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу