Олжас Бектенов жасанды интеллект енгізген кәсіпорындарды қолдаудың шараларын әзірлеуді тапсырды

209

Бұл мақсатта нормативтік-құқықтық актілер қабылданады. 

Олжас Бектенов жасанды интеллект енгізген кәсіпорындарды қолдаудың шараларын әзірлеуді тапсырды Фото: primeminister.kz

Премьер-министр Олжас Бектенов елімізде жасанды интеллект құралдарын енгізетін өндіріс орындары бар екенін айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Қазір елімізде цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект құралдарын енгізіп, іске асырып жатқан өндіріс орындары бар. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен және әкімдіктермен бірге осындай кәсіпорындарды қолдаудың нақты шараларын әзірлеуді тапсырамын",  деді Үкімет басшысы.

Сөзінше, жасанды интеллектіні қолданудың ашықтығы мен қауіпсіздік маңызды.

"Ол үшін тиісті заңнамалық шаралар мен нормативтік-құқықтық актілерді қабылдау керек. Заң аясында дербес деректерді қорғау, киберқауіпсіздік, жасанды интеллектіні қолдану арқылы қабылданған шешімдер үшін жауапкершілік мәселесі және этикалық нормалар қамтылуға тиіс",  деді Олжас Бектенов. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу