Олжас Беркінбаев жаңа қызметке тағайындалды

867

Олжас Беркінбаев ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Қоғаммен байланыс департаментінің директорлығына тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.  

Олжас Беркінбаев жаңа қызметке тағайындалды

1991 жылы дүниеге келген. Білімі жоғары. Тарих және құқықтану мамандықтары бойынша Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, Қорқыт Ата атындағы ҚМУ түлегі. Саясаттану бойынша әлеуметтік ғылымдар магистрі.

Еңбек жолын 2012 жылы ҚР ІІМ "Сақшы" газетінде тілші болып бастаған. 2013-2015 жж. Әскери стратегиялық-зерттеулер орталығында президент көмекшісі, жетекші маман, "Nur Otan" партиясы елордалық филиалының баспасөз хатшысы лауазымдарында болды.

2016 жылы "Қазконтент" АҚ өткізген республикалық конкурс нәтижесінде "National Digital History of Kazakhstan" жобасының жетекшілігіне тағайындалған. 2018 жылға дейін аталмыш жобаның бас редакторы, кейіннен "Әдебиет порталының" жетекшілігін қоса атқарған.

2019-2021 жылдары ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының аға сарапшысы, Қарағанды облысы әкімдігінің Saryarqa Aqparat медиа холдингінің директоры болды. Мемлекеттік қызметтегі жұмысын ҚР Сыртқы істер министрлігінің 3-ші хатшысы лауазымынан бастады.

Журналистика саласы бойынша Мемлекеттік "Дарын" жастар және тұңғыш ұлттық "Үркер" сыйлығының, "Nur Sunqar-2021" байқауларының лауреаты. Болгария, Ресей елдерінде тәжірибеден өткен.

Түрлі тақырыптағы ғылыми және публицистикалық еңбектері бірқатар отандық басылымдар мен Оңтүстік Корея, Украина, Ресей елдерінде жарияланған. Шетелдегі этникалық қазақтарды қолдау жөніндегі 2018-2022 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы Үкімет Қаулысына енген "Қиырдағы қазақтар" жобасына жетекшілік етіп, 8 елді қамтыған деректі фильм түсіруге үлес қосты.

"Хабар 24" және "Хабар" арналарында авторлық бағдарлама жүргізген. Отбасылы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу