Олжас Сапарбеков өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі болып тағайындалды

283

Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады. 

Олжас Сапарбеков өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі болып тағайындалды Фото: primeminister.kz

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Олжас Сапарбекұлы Сапарбеков өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі болып тағайындалды.

Олжас Сапарбеков 1979 жылы Ақтөбе қаласында дүниеге келген. Қазақ көлік және коммуникация академиясын, Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген.

  • 2001-2006 жылдары — "Қазақстан темір жолы" ҰК құрылымында жұмыс істеді.
  • 2006-2016 жылдары коммерциялық құрылымдарда басшылық қызметтерде болды.
  • 2016-2019 жылдары — "Атамекен" ҰКП департаменті сарапшысы, директорының орынбасары.
  • 2019-2021 жылдары — Қостанай облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары, басшысы.
  • 2021-2023 жылдары — ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі индустриялық даму, көлік комитеттері төрағасының орынбасары.
  • 2023-2024 жылдары — ҚР Көлік министрлігі Теміржол және су көлігі комитетінің төрағасы.
  • 2024 жылғы ақпаннан бастап — өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі.

Бұрын осы қызметте болған Ілияс Есетұлы Оспанов берген өтінішіне сәйкес қызметінен босатылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу