Жас экономист Олжас Төлеуов бүгін Ерболат Досаевтың кеңесшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды Atameken Business.
Қаржылық бақылаушы ұйымы берген түсініктемеге қарағанда, ол ақша-несие саясаты жөніндегі шешімдерді қабылдауға жәрдемдесуі тиіс. 2-ші қыркүйекте Қасым-Жомарт Тоқаев жолдауында Ақша саясаты бойынша арнайы комитет құруға тапсырма бергені бар. Осыған орай, Бас банкирдің міндеттемелері екі еселеніп отыр. Кеңесші алуына осы себеп болса керек.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу