Оман елінен 314 қазақстандық елге оралды

93

Бұл туралы Көлік министрлігі мәлім етті.

Оман елінен 314 қазақстандық елге оралды Фото: Көлік министрлігі

Таяу Шығыс аймағында қалған жүздеген қазақстандық елге оралды. Олар арнайы рейспен Оман елінен жеткізілді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Көлік министрлігінің мәліметінше, SCAT әуе компаниясы Boeing 767 әуе кемесімен Алматы – Маскат – Алматы бағыты бойынша DV5361 рейсін орындады.

Рейспен Қазақстанға 314 адам, оның ішінде балалы жолаушылар жеткізілді.

"Қазақстан азаматтарын елге қайтару жұмыстары мүдделі мемлекеттік органдармен және әуе тасымалдаушылармен бірлесіп жалғасып жатыр", – делінген министрлік хабарламасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу