Оман қысқа мерзімді ҚР визасы берілетін 48 мемлекеттің қатарына кіреді

957

Оман қысқа мерзімді ҚР визасы берілетін 48 мемлекеттің қатарына кіреді

Кеше Масқатта Қазақстан Республикасының үкіметі мен Оман Сұлтандығының үкіметі арасындағы дипломатиялық, арнайы және қызметтік паспорттар иелерін визалық талаптардан өзара босату туралы келісімге қол қойылды
Құжатқа Қазақстанның Омандағы елшісі Ержан Мұқаш пен Оман сыртқы істер министрінің орынбасары Мухамед бин Юсуф бин Қасым Аз-Зарафи қол қойды.
Үкіметаралық келісімге қол қойылуы екі ел арасындағы шарттық-құқықтық базаның жүйелі кеңейтуіне маңызды қадамы болды.
Айта кетер жәйт, өткен жылы Оман үкіметінің шешімі бойынша Қазақстан азаматтары АҚШ, Канада, Аустралия, Ұлыбритания, сондай-ақ Шенген келісімі елдерінің визалары немесе осы елдерде тұрақты тұруға рұқсаттары бар болған жағдайда, веб-сайт арқылы туристік визаларды (е-виза) жергілікті демеушісіз ала алатын 25 елдің тізіміне енгізілді. Бұл жағдай Қазақстан мен Оман арасында екіжақты туризм саласындағы қарым-қатынастарды нығайтуға мүмкіндік беретіні сөзсіз.
Өз кезегінде Оман Сұлтандығы шақырусыз жеңілдетілген тәртіп бойынша қысқа мерзімді ҚР визасы берілетін 48 мемлекеттің қатарына кіреді.
Туризм саладағы екіжақты қарым-қатынастарды нығайту мақсатында Қазақстанның Омандағы елшілігінің қолдауымен ірі омандық Majan Light Travel & Tourism компаниясы мен AL Baleed Resort компаниясы өкілдерінің 2017 жылғы сәуірде Алматыға сапары ұйымдастырылды. Омандық компаниялардың өкілдері қазақстандық әріптестерімен кездесіп, өзара тиімді ынтымақтастықтың болашақ дамуы жолдарын талқылады.
2017 жылғы қыркүйекте қазақстандық туристтік компанияларының өкілдері Оманда қарыпта сапармен болып, екі елінің туристтік компаниялар арасында тығыз байланыс орнатылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу