Оман күнсайынғы мұнай өндірісін 5-10%-ға қысқартуға әзір. Бұл туралы тілшілерге сұлтанаттың мұнай және газ министрі Мұхаммед бен Хамад ар-Румхи мәлім етті, деп хабарлайды ТАСС.
"МЭЕҰ мүше және ұйымға кірмейтін елдер арасында қазір сөз болып жатқан мұнай өндірісін Оман 3 немесе 4%-дан артық қысқартуға дайын. Біз өндіру көлемін 5-10%-ға төмендетуге дайынбыз", – деді ол. Дей тұрғанмен, ар-Румхи оның көлемі қанша болатынын нақтылаған жоқ.
Reuters агенттігінің мәліметі бойынша, сұлтанат тәулігіне 1 млн баррель шамасында мұнай өндіреді. МЭЕҰ мүше емес Оман Таяу Шығыстағы ірі мұнай өндіруші болып табылады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу