Оманда Қазақстанның туристік әлеуеті таныстырылды

727

Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған іс-шаралар шеңберінде Масқат қаласында "Қазақстанның туристік әлеуеті" тақырыбында конференция өткізілді, деп хабарлайды inbusiness.kz СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оманда Қазақстанның туристік әлеуеті таныстырылды

Аталған іс-шараға Оманның Туризм министрлігі, Алматы қаласының Туризм басқармасының өкілдері, Оманның "Salam Air" әуекомпаниясының басшылығы мен 20-дан астам жетекші туроператорлары, сондай-ақ жергілікті БАҚ өкілдері қатысты.

Іс-шараның ашылу салтанатында ҚР Елшісі Нажмедин Мұхаметәліұлы екіжақты қарым-қатынастардың дамуының оң динамикасын атап өтіп, аталған іс-шара Қазақстан мен Оманның туристік өзара іс-қимылын жандандыруға жаңа серпін беретініне сенім білдірді.

"Salam Air" компаниясының бас директоры Мұхаммед Ахмед өз сөзінде әуекомпанияның 2022 жылы Масқат-Алматы бағыты бойынша тікелей әуе қатынасын ашуға мүдделілігін атап өтті.

Сонымен қатар аталған іс-шара аясында фотокөрме ұйымдастырылды, онда еліміздің тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері туралы фото және бейнематериалдар ұсынылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу