Омбудсмен балабақшадағы төбелестен жапа шеккен бүлдіршіннің жағдайы туралы айтты

724

Денсаулық жағдайы - орташа ауыр дәрежеде.  

Омбудсмен балабақшадағы төбелестен жапа шеккен бүлдіршіннің жағдайы туралы айтты Фото: Бейнеден

Балалар құқығы жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева балабақшада бір топ баладан қорлық көрген балаға қатысты ақпаратпен бөлісті.

Оның айтуынша, оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Сондай-ақ баланың ата-анасы әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

"Алматыдағы балалар құқығы жөніндегі уәкіл Диана Ерлан ауруханаға барып, зардап шеккен баланың жағдайын біліп қайтты. Бүлдіршін ауруханада әжесімен бірге жатыр. Денсаулық жағдайы - орташа ауыр дәрежеде екен. Қазір оқиғаның мән-жайы, сондай-ақ балалардың қатыгездік көрсетуіне не түрткі болғаны анықталып жатыр", - деді Динара Зәкиева.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу