Омбудсмен Отардағы сарбаздың жарақатына қатысты пікір білдірді

112

Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев Отардағы әскери бөлімде болған сарбаздың жарақат алуына байланысты пікір айтты. 

Омбудсмен Отардағы сарбаздың жарақатына қатысты пікір білдірді Фото: informburo.kz

Оның сөзінше, адамның қадір-қасиетіне қол сұғуға ешкімнің құқығы жоқ, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Ресми сауалға берген жауабында омбудсмен бұл қағидат Қазақстан Республикасының Конституциясында, сондай-ақ Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіде бекітілгенін атап өтті. Алайда нақты оқиғаға құқықтық бағаны тек сот қана бере алатынын жеткізді.

– Адамның қадір-қасиетіне қол сұғуға болмайды. Бұл – негізгі заңда нақты көрсетілген норма. Ал аталған жағдайға қатысты тек сот қана құқықтық баға бере алады. Біз сотқа дейінгі тергеу сапалы өтіп, әділ шешім қабылданады деп үміттенеміз, – деді Артур Ластаев.

Еске салайық, бұған дейін Отардағы әскери бөлімде қызмет ететін сарбаздың жағы сынғаны хабарланған болатын. Зардап шеккен әскери қызметшінің туыстары оны сержант темір затпен ұрды деп мәлімдесе, күдікті бұл ақпаратты жоққа шығарып, жарақат қатардағы жауынгермен төбелес кезінде алынғанын айтқан. Ал ҚР Қарулы Күштері Әскери полициясы бас басқармасы аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалғанын растады.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу