Омбы-Майқапшағай халықаралық тасжолын су тасқыны шайып кетті

285

Салдарынан 3 автобус пен 30-ға жуық жеңіл көлік жолда қалды. 

Омбы-Майқапшағай халықаралық тасжолын су тасқыны шайып кетті Фото: видео скриншот

Абай облысындағы Омбы - Майқапшағай халықаралық тасжолын су тасқыны шайып кетті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Қалбатау - Майқапшағай тасжолы, Боғас пен Зайсан аралығында көліктер тұрып қалды. Қар еріп, жаңбыр суынан су көтеріліп, жолды алып жатыр. Қызыл су тасжолдарды шайып жатқандықтан, көліктердің өтуі қиындап жатыр", - деді жолда қалған Жандос Мақсатов.

Тасқынға шыдас бермей тасжол да опырылып түскен. Қазір полиция қызметкерлері су құрсауында қалған 72 жолаушыны құтқарды. Оның 19-ы - бала.

Ал "ҚазАвтожол" мамандары қатынасты қалыпына келтіру үшін үздіксіз жұмыс істеп жатыр. Аудандық маңызы бар үш жолды тасқын су тас-талқан еткен. Сол себепті ауылдармен қатынас үзіліпті. Ал қалған жолдарда тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылып, су деңгейіне бақылау жүргізіліп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу