"Омбы-Майқапшағай" жолы ақылы болады

919

Жол бағасы 05-09 наурыз аралығында белгіленеді.

"Омбы-Майқапшағай" жолы ақылы болады

ШҚО-да республикалық маңызы бар "Омбы-Майқапшағай" автомобиль жолы жүк көліктері үшін ақылы болады. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысы ПД Әкімшілік полиция басқармасы: "2021 жылы "ҚазАвтоЖол" Ұлттық компаниясы" АҚ Бесқарағай, Жарма аудандары мен Семей қаласының аумағы арқылы өтетін Республикалық маңызы бар "Омбы-Майқапшағай" (Павлодар облысының шекарасы – Қалбатау кенті) автомобиль жолының учаскесін жүк автомобильдері үшін ақылы етуді жоспарлап отыр",– деген хабарлама таратты.

Жол жүруді бақылау ақы алудың арнайы жүйесі арқылы жүзеге асырылмақ. Осы мақсат үшін инвесторлардың қаражаты есебінен ("Computer Vision Technoiogiec" ЖШС МЖӘ арқылы) жоғарыда көрсетілген жол учаскесі бойынша 8 бақылау аркасы орнатылды екен.

Дегенмен жол жүру бағасы әлі белгіленбеген.

"Жол жүру бағасы биылғы жылғы 05-09 наурыз аралығында Семей қ., Шар қ., Қалбатау кенті, Бесқарағай ауылында белгіленген қоғамдық тыңдаулар өткізілгеннен кейін анықталады",– деп жазылған хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу