Омбы облысынан Кенесары ханға қатысты құжаттар жеткізілді

946

Омбы облысынан Кенесары ханға қатысты құжаттар жеткізілді

Астанаға алғаш рет Омбы облысының тарихи мұрағатынан Кенесары ханға қатысты құжаттар жеткізілді, деп хабарлайды Вnews.kz 

"Бұл құжаттар осы күйінде алғаш рет көрсетіліп отыр, себебі олардың басым бөлігі айрықша құнды мәртебесіне ие болған еді. Кеңестік кезеңде бұл құжаттар зерттеушілердің қолына тие бермейтін. Қазіргі кезде көрмеде көрсетілген тұлғалар жайындағы мәліметтер қазақ халқы тарихы үшін маңызды екенін түсіне отырып, енді құжаттар зерттеушілер үшін ашылуда. Біздің мұрағатта Кенесары хан туралы бар мәліметтердің бір бөлігін сканерден өткіздік. Құжаттар аз емес, себебі оның қолбасшылығымен қазақ халқының тәуелсіздігі үшін күрес ұзақ уақытқа жалғасты. Біз осы деректерден ең қызықтыларын іріктеп алдық", - деді Омбы облысы Тарихи мұрағатындағы Азаматтық соғысты зерттеу орталығының жетекшісі Галина Бородина.

Оның сөзіне қарағанда, мұрағатта казак отрядтарымен қақтығыстар туралы ақпараттар сақталуда. Белгілі болғандай, аталған құжаттардың көшірмелері зерттеушілерге қолжетімді болу үшін Астана қаласының мемлекеттік мұрағатына тапсырылады.

Жалпы, Астанаға әрқайсысы 10-15 парақты қамтитын 40 құжат жеткізілді. Онда Омбы және Ақмола облыстарының тарихы жайында құнды мәліметтер жинақталған. Омбы облысы мұрағатында жалпы екі миллионнан астам материал сақтаулы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу