Омбы полицейлері павлодарлық студенттің қандай қылмыс жасағанын құпия ұстауда

1222

Омбы полицейлері павлодарлық студенттің қандай қылмыс жасағанын құпия ұстауда

Омбы қаласының полиция қызметкерлері ОмМТУ-де оқитын павлодарлық студенттің қандай ауыр қылмыс жасағанын құпия сақтауда, деп хабарлайды pavlpdarnews.kz.

Ресей Федерациясы  Омбы облысы бойынша ІІД басқармасының баспасөз қызметінің мәліметінше, павлодарлық Ақтілек Мадировқа қатысты іздеу жұмыстары жүргізілмеген.  

"Жергілікті құқық қорғау органдары жігіттің қайда жүргенін бірден анықтады. Заңға сәйкес ол туралы жеке мәліметтермен бөлісуге құқығымыз жоқ", -– деді баспасөз қызметі өкілдері. 

 ҚР ІІМ баспасөз қызметі 21 жастағы павлодарлықтың табылғанын растады. Қазіргі уақытта Ақтілек Мадиров Омбыдағы тергеу изоляторында отыр.  Бұл туралы ақпарат Омбы облысының құқық қорғау органдарының біз жіберген ресми сауалдың жауабынан кейін мәлім болды. Бүгінгі күні елшілік қызметкерлері Ақтілектің жағдайы жайлы анықтап жатыр. Жалпы тергеу амалдары жалғасуда.

Естеріңізге сала кетсек, 18 қараша күні  Instagram желісінде Омбы қаласының мемлекеттік техникалық университетінде бағдарламашы мамандығы бойынша оқып жүрген 2 курс студенті, павлодарлық Ақтілек Мадировтың жоғалып кеткені туралы хабар тарады. Жігіттің анасы Әлия Мадированың айтуынша, соңғы рет оны  31 қазан күні жатақхананың кезекшісі көрген. Осыдан кейін Ақтілек байланысқа шықпағаннан соң анасы Омбы қаласындағы Қазақстан елшілігінің көмегіне жүгінген болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу