banner

Омбыда көлік қаққан Қазақстан азаматшасы қаза тапты

732

Инна Федорова Омбы мемлекеттік техникалық университетінің 2-курсында білім алып жүрген.

Омбыда көлік қаққан Қазақстан азаматшасы қаза тапты

Омбыда көлік қаққан Қазақстан азамататы қаза тапты. Бұл жайында ҚР сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Айбек Смадияров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"23 наурыз күні кешқұрылым Қазақстан азаматшасы Инна Федерованы реттелетін жаяу жүргінші өткелінен "Тойота" көлігі қағып кетті. Аталған азаматша бас сүйек-ми жарақатымен Омбы қалалық №1 жедел медициналық көмек ауруханасының нейрохирургиялық бөлімшесіне жатқызылды. Ол алған жарақатынан есін жимастан қаза тапты. Қаза тапқан азаматшаның туыстарына қайғылы оқиға туралы хабар естіртілді", – деді Айбек Смадияров.

Оның дерегінше, И.Федорова Омбы мемлекеттік техникалық университетінің 2-курсында білім алып жүрген.

"Қазіргі уақытта аталған оқиға бойынша Омбы облысы бойынша Ресей ІІМ басқармасының тергеу басқармасы тергеу амалдарын жүргізіп, қылмыстық іс қозғау үшін материал дайындап жатыр. Қазақстан консульдығы аталған істі айрықша бақылауын алып, тергеу органдарымен байланысқа шығып отыр", – деді СІМ баспасөз хатшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу