Омбыда өтіп жатқан өңіраралық ынтымақтастық форумының пленарлық отырысы "Хабар 24" телеарнасынан көрсетіледі, деп хабарлайды Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли.
"Хабар 24" телеарнасы сағат 19:45-де тікелей эфирде "Шекара маңы ынтымақтастығын дамытудың өзекті мәселелері" атты Қазақстан мен Ресей арасындағы XVI өңіраралық ынтымақтастық форумынының пленарлық отырысынан көрсетілім ұйымдастырады" деп жазды Берік Уәли Facebook парақшасында.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу