Омбыдан құс пен құс шаруашылығы өнімдерін әкелуге шектеу енгізілді

968

Шектеуге Ресейдің Омбы облысында құс тұмауының жоғары патогенді вирусының өршуі себеп болып отыр.

Омбыдан құс пен құс шаруашылығы өнімдерін әкелуге шектеу енгізілді

АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Ресей Федерациясының Омбы облысы аумағында құс тұмауының жоғары патогенді вирусының өршуіне байланысты 2020 жылғы 26 тамыздан бастап Қазақстан аумағына Ресейдің Омбы облысы аумағынан тірі құс пен инкубациялық жұмыртқаны, мамық пен қауырсынды, құс етін және құс шаруашылығының барлық түрлерін әкелуге уақытша шектеулер енгізілетінін хабарлайды.

"Термиялық өңдеуден өтпеген (кем дегенде 70 ° C) құс еті және құс өнімдерінің барлық түрлері, құсқа арналған азық және азықтық қоспалар (химиялық және микробиологиялық синтездің азықтық қоспаларын қоспағанда), таксидермиялық өңдеуден өтпеген аңшылық олжалар (ауланған құстар) және құстарды ұстауға, союға және кесуге арналған жабдықтар әкелуге шектеу қойылды",– деп жазылған хабарламада.

Еске сала кетсек, биылғы жылдың 4 тамызында Қазақстанның ауыл шаруашылығы министрлігі Увельский ауданында құс тұмауының өршуіне байланысты РФ Челябі облысынан құс әкелуге шектеу енгізген болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу