"Павлодар тұз" ЖШС Омбыға 68 мың тонна өнім тасымалдау бойынша келісімшартқа отырды. Сол жақта павлодарлық тұз құм мен тұз аралас қосындыға қолданылады. Бұл туралы брифингте кәсіпкерлік және ауыл шаурашылығы бөлімінің басшысы Руслан Тілеулесов мәлім етті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz
"Сәуір айында Омбыда Павлодар күндері өтті, - дейді Руслан Тілеулесов. – Сол кезде келісімшарт жасалған болатын. Омбы нарығына "Павлодар тұз" ЖШС-нан басқа, "Нефтехим ЛТД", "Крендель" ЖШС сияқты павлодарлық бірнеше кәсіпорын шығады. Ендігі нақты сома мен жеткізу мерзімі, тауар көлемі белгілі.
Маманның айтуынша, бөлім жаңа инвесторларды тарту бойынша белсенді түрде жұмыс жүргізуде. Мәселен, былтырғы жылы "Ертіс Инвест" форумында "Group ksm" ЖШС кәсіпорнымен Ленин кентінде элеватор салу туралы меморандумға қол қойылған. Бұл нысанның қуаттылығы сағатына 60 тонна астық өңдеп, 30 тонна астық сақтауға жетеді. Биыл Shapoonji Pallonji компаниясымен денсаулық сақтау және білім беру салаларын жақсарта түсу үшін әлеуметтік маңызы бар жобаларды жүзеге асыру бойынша меморандум жасалды.
Мамандар 250 млн теңгеден астам инвестицияны құрайтын логистикалық кешеннің құрылысы бойынша "Universal logistics" ЖШС-мен келіссөздер жүргізуде. Сонымен қатар биыл "Казтранскем" ЖШС инвестиция көлемі 1,3 млрд теңге күнбағыс майын шығаратын зауыттың құрылысын бастауды жоспарлауда.