Бұл туралы Маңғыстау облысында Өзен кен орнын оңалту мәселелеріне арналған жиында айтылды, деп жазады inbusiness.kz.
"Бүгінгі күні "Өзенмұнайгаз" мұнай өндіру көрсеткіштерін толық орындай алмай отыр. Техникалық және геологиялық мәселелерге байланысты мұнай өндіру көлемін бірқалыпты деңгейде ұстап тұру қиынға соғуда", - деді "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ Басқарма төрағасы М.Мырзағалиев.
ҚМГ басшысының айтуынша, жыл сайынғы күрделі салымдардың деңгейіне қарамастан, ӨМГ кен орындарында мұнай өндіру көлемі азайып барады. Бұның салдарынан компанияның кірісі де төмендеп, қазіргі қызметкерлер санын сақтап қалуға және оларға еңбекақы төлеу бойынша әлеуметтік міндеттемелерді орындау да қиын болады.
М.Мырзағалиев "Өзенмұнайгаз" АҚ мұнай өндіру рентабельділігінің шегіне 2024 жылы келетінін атап айтты.