ӨМГ және ЕМГ 3 айда 2 мың тоннадан аса шикі мұнай сатты

895

ӨМГ және ЕМГ 3 айда 2 мың тоннадан аса шикі мұнай сатты

ӨМГ және ЕМГ 2018 жылдың І тоқсанында 2 002  мың тонна (тәулігіне 161 мың баррель) шикі мұнай сатты, деп хабарлайды kmgep.kz.

Оның ішінде 1 265 мың тонна (тәулігіне 102 мың баррель) шикі мұнай - экспортқа және 737 мың тонна (тәулігіне 59 мың баррель) ішкі нарыққа шығарылды. Бұл жалпы сату көлемінің 37%-ын құрайды. Компанияның ішкі нарыққа шикі мұнай жеткізілімдерінің үлесі 2017 жылдың осындай кезеңінде 34%-ды құрады.

ӨМГ және ЕМГ 2018 жылдың І тоқсанында ішкі нарыққа жөнелткен 737 мың тонна (тәулігіне 59 мың баррель) шикі мұнайдың 535 мың тоннасы (тәулігіне 43 мың баррель) Атырау мұнай өңдеу зауытына және 202 мың тоннасы (тәулігіне 16 мың баррель) Павлодар мұнай-химия зауытына жеткізілді.

Мұнайдың дербес процессингі схемасына сәйкес 2018 жылдың І тоқсанында мұнай өнімдерін сату 669 мың тонна мұнай өнімдерін құрады, бұл 2017 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 5%-ға көп.

CCEL, ҚГМ және ПҚИ компанияларының сату көлеміндегі ҚМГ БӨ-ге тиесілі үлесі 834 мың тонна мұнайды (тәулігіне 69 мың баррель) құрады, оның ішінде 318 мың тонна мұнай (тәулігіне 24 мың баррель) экспортқа және 515 мың тонна (тәулігіне 44 мың баррель) ішкі нарыққа шығарылды, бұл компаниялардың жалпы сату көлемінің 62%-ын құрайды. 2017 жылдың осындай кезеңінде ҚГМ, CCEL және ПҚИ ішкі нарыққа жалпы сату көлемінің 57%-ын жеткізді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу