АҚШ Президенті Джо Байденнің әкімшілігі "омикрон" штамының тез таралуына байланысты жергілікті тұрғындарға миллиондаған респираторды үлестірмек, деп хабарлайды inbusiness.kz Politico сайтына сілтеме жасап.
Елдегі бірқатар белсенді матадан тігілген маскалардан бас тарту керек деген пікірде. Жақында ғана Денсаулық сақтау саласындағы сарапшылар респираторларды таратуды ұсынды.
Олардың айтуынша, кейбір америкалықтарға арзан және тиімді респираторлар қолжетімді емес.
Бұған дейін АҚШ-тың жұқпалы аурулар жөніндегі маманы, ұлттық аллергиялық және жұқпалы аурулар институтының директоры Энтони Фаучи "омикронды" барлық адам жұқтырады, бірақ ол екпе салдырмағандар көп зиянын тигізеді деп мәлімдеген еді.
Дәрігердің сөзіне сенсек, вакцина ектірген және ревакциналанған адамдарда аурудың асқынуы болмайды.
Табиғат Нұрболат