Омикрон: Әлемде не болып жатыр

836

Италияда "омикрон" штамының өршуіне байланысты вакцина алмаған азаматтар үшін қатаң шектеулер енгізіледі, деп хабарлайды inbusiness.kz ВАК телеграм арнасына сілтеме жасап.

Омикрон: Әлемде не болып жатыр

Дүйсенбіден бастап вакцинация паспорты жоқ адамдар қоғамдық іс-шараларға қатыса алмайды. Вакцинация паспортында вирусқа қарсы қабылдаған вакцина немесе соңғы алты айда COVID-19-бен ауырып, сауығып шыққандығы туралы мәліметтер көрсетіледі.

Бұдан былай жұмыс орнына кіру, қоғамдық көлікте жүру, театрларға, кинотеатрларға, концерт залдарына, спорттық іс-шараларға, мейрамханалар мен барларға кіру үшін "жасыл паспорт" қажет болады. Пандемия жарияланғаннан бері Италияда өлім-жітімнің ең жоғары деңгейі тіркелді – 134 000-нан астам дерек.

Дүйсенбі күні Нью-Йоркте 5 жастан 11 жасқа дейінгі балаларды COVID-19-ға қарсы иммундауға рұқсат етілді. Мэр Билл де Блазионың мәлімдемесінде АҚШ-тың халқы ең көп шоғырланған қаласы 27 желтоқсанға дейін 184 мың кәсіпорын қызметкерлерінің вакцина қабылдағаны туралы дәлелдерді ұсынуы керек. Мейрамханаларға бару, спорттық, оркестр және би сияқты мектептен тыс үйірмелеріне қатысу үшін 14 желтоқсанға дейін 5 жастан 11 жасқа дейінгі балалар вакцинаның кем дегенде алғашқы дозасын қабылдап, ал 12 жастан асқан жасөспірімдер 27 желтоқсанға дейін толық имундаудан өтуі керек.

Джонс Хопкинс университеті әлемдегі коронавирус статистикасы туралы жаңа мәліметтерді жариялады. Пандемия басталғаннан бері 266,4 миллионнан астам COVID-19 инфекциясы анықталып, 5 262 767 адам қайтыс болды. Инфекцияны анықтаудың 20 миллионнан астам фактісі бар елдердің қатарына халқы ең үлкен мемлекеттер – АҚШ, Үндістан және Бразилия кіреді. Америка Құрама Штаттарында індетке шалдыққан адамдар саны – 49 278 711, ауру салдарынан көз жұмғандар саны –789 745. Үндістанда – 34 648 383 адам вирум жұқтырған болса, 473 757 адам қайтыс болды. Бразилияда барлығы 22 147 476 дерек тіркелген. Оның ішінде 615 744 адам қайтыс болды.

Халықаралық валюта қоры коронавирус пандемиясымен күресу және мемлекеттердің экономикалық тұрғыда қалпына келуін қолдау үшін ынтымақтастыққа шақырады. ХВҚ басшысы Кристалина Георгиеваның бұл мәлімдемесі әлемнің 40-тан астам елінде коронавирустың жаңа "омикрон" нұсқасының таралуына байланысты жасалды.

Қытай тарапының бастамасымен шақырылған 1+6 форматындағы дөңгелек үстел отырысында Георгиева: "Әлемдік экономиканы қалпына келтіру көптеген қауіп-қатерлерге, соның ішінде эпидемияға қатысты белгісіз жағдайларға тап болуда", –деді.

ХВҚ басшысы қордың пандемияға қарсы іс-қимыл мәселесі бойынша және дамушы елдерде вакцинациялауға көмек көрсету жөніндегі ұсыныстарын жүзеге асыру үшін шұғыл іс-қимыл қажет екенін атап өтті.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу