"Омикрон" штамы Еуропаға да жетті

936

Коронавирустың "омикрон" жаңа штамы Еуропаға да жетті. Италияда инфекцияның алғашқы жағдайы расталды. Аталмыш вирус іссапардан Мозамбикке оралған Кампания аймағының тұрғынында анықталды, деп хабарлайды inbusiness.kz ВАК телеграм арнасына сілтеме жасап.

"Омикрон" штамы Еуропаға да жетті

Ол халықаралық ұйымның қызметкері және бұрын вакцинацияның толық курсынан өткен. Тестілеу кезінде отбасының барлық мүшелерінде оң нәтиже анықталып отыр. Сақтық шарасы ретінде олармен байланыста болған барлық адам дереу оқшауланды.

Жақында Италия Үкіметі соңғы 14 күнде Оңтүстік Африка, Лесото, Ботсвана, Зимбабве, Мозамбик, Намибия, Эсватини және Малавиге барған адамдарға елге кіруге тыйым салу туралы бұйрыққа қол қойған болатын.

Африканың бірнеше елінде жаңа “омикрон” штамының анықталуы аясында Еуропалық комиссия вирусологтарға коронавирустың жаңа модификациясын егжей-тегжейлі зерттеуге 14 күн берді.

"Зерттеу нәтижелеріне дейін ЕО елдері вакцинация мен санитариялық шараларды күшейтуі керек", – деді Еуропалық комиссияның басшысы Урсула фон дер Ляйен.

Сонымен қатар егер жаңа штамның қауіптілігі дәлелденсе Biontech-Pfizer фармацевтикалық концерні 100 күн ішінде вакцинаны жаңа штамға бейімдеуі керек деп атап өтті шенеунік.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу