"Омикронның" басқа штамдардан қандай айырмашылығы бар?

912

Науқастарға қабынуға қарсы терапия және көбірек су ішу сынды ем тағайындалады. Бұл туралы онлайн брифинг барысында Жекенов атындағы қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасының бас дәрігерінің емдеу жұмысы жөніндегі орынбасары, инфекционист дәрігер Тамара Ұтағанова айтты, деп жазды inbusiness.kz. 

"Омикронның" басқа штамдардан қандай айырмашылығы бар?

"Омикронның" басқа штамдардан жұғу қарқыны мен ауыру ағыны жағынан өзгешелігі айқын білінеді. Індет салыстырмалы түрде жеңіл өтеді. Науқастардың көбі үй жағдайында емделеді. Гормондық терапияға әсер ететін препараттарды сирек қолданамыз. Ол хаттамада бар, бірақ сирек пайдаланамыз. Себебі сатурация жағынан зардап шегетін науқастар көп емес және басқа да препаратты тағындауға себеп жоқ", – деді спикер. 

Маманның сөзінше науқастарға қабынуға қарсы терапия және көбірек су ішу сынды ем тағайындалады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу