"Омикронның" Қазақстанға таралуына жол бермеу үшін бірқатар шара қабылданды

659

Коронавирустық инфекцияның "Омикрон" штамының жаңа нұсқасының пайда болуын ескере отырып, оны республика аумағына әкелуге жол бермеу мақсатында ведомствоаралық комиссия 3 желтоқсаннан бастап бірқатар шектеу іс-шараларын енгізу туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды inbusiness.kz Үкімет басшысының сайтына сілтеме жасап.

"Омикронның" Қазақстанға таралуына жол бермеу үшін бірқатар шара қабылданды

1. Ботсвана, Лесото, Намибия, Зимбабве, Мозамбик, Мадагаскар, Эсватини, Малави, Онтүстік Африка, Танзания және Гонконгтан шетел азаматтарының Қазақстанға келуін шектеу;

2. "Омикрон" нұсқасынан туындаған КВИ жағдайлары анықталған Израиль, Чехия, Нидерланды, Бельгия, Ұлыбритания, Италия, Германия, Австралия, Канада және Мысырдан келетін адамдар үшін вакцинациясы бар-жоғына қарамастан міндетті ПТР-тестілеу талап етіледі;

3. "Омикроннан" туындаған КВИ жағдайлары анықталған елдерден келген адамдар ПТР нәтижесіне қарамастан 7 күнге үй карантинге оқшаулануға тиіс.

Осыған орай, санитарлық-эпидемиологиялық комитетінің департаменттері шетелден келген азаматтар туралы ақпаратты жергілікті атқарушы органдарға уақытылы беруді, ал әкімдіктер бұл тұлғаларды поликлиникалар деңгейінде қашықтықтан бақылауды қамтамасыз етуі қажет.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу