Түркістан қаласында мотокөлікті мас күйінде тізгіндеген 45 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Патрульдік полиция қызметкерлері жол қауіпсіздігін бақылау кезінде мотокөлікті тоқтатып, тексеру жүргізген.
– Тексеру барысында жүргізушінің көлік жүргізу құқығынан өмір бойына айырылғаны анықталды. Сонымен қатар медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес, оның көлікті қайтадан мас күйінде жүргізгені белгілі болды, – делінген облыстық полиция департаментінің мәліметінде.
Аталған азаматтың әрекетіне қатысты Қылмыстық кодекстің 346-бабы 1-бөлігі бойынша іс қозғалып, заңнамаға сәйкес тиісті шаралар қабылданды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу