Өмірді сақтандыру компаниясындағы жинақтың қандай бөлігін БЖЗҚ-ға қайтаруға болады?

934

Сақтандыру ұйымдары өтініш түскен күннен бастап 20 күнтізбелік күн ішінде қайтарылуға жататын ақша сомасын зейнетақы қорына аударуы тиіс. 

Өмірді сақтандыру компаниясындағы жинақтың қандай бөлігін БЖЗҚ-ға қайтаруға болады? Фото: tengrinews.kz

Зейнетақы аннуитеті шарты бар азаматтарға өмірді сақтандыру компанияларынан ақшаны бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына ішінара қайтару құқығы берілді.

Бұл норма 2022 жылғы 8 қарашадан бастап қолданысқа енеді, деп жазады inbusiness.kz ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне сілтеме жасап.

"2022 жылғы 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілген Сақтандыру нарығын дамыту туралы Қазақстан Республикасының заңымен  зейнетақы аннуитеті шарты бар азаматтарға ӨСК-нан ақшаны БЖЗҚ-на ішінара қайтару құқығы берілді. Заңды іске асыру үшін 2022 жылғы 20 қазанда тиісті нормативтік құқықтық акт қабылданды, ол ресми жарияланғаннан кейін 10 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Көрсетілген күннен бастап зейнетақы аннуитеті шарты бар азаматтар ӨСК-на өтінішпен жүгініп, зейнетақы аннуитеті шартының ең төменгі құнынан асатын сақтандыру сыйлықақысының бір бөлігін БЖЗҚ-на қайтара алады. Ол үшін зейнетақы аннуитеті шарты ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-нан төмен емес деңгейде төлемдерді қамтамасыз етуге тиіс жаңа шарттармен қайта жасалады", – деді агенттіктің Сақтандыру нарығы және актуарлық есеп айырысу департаментінің директоры Әсел Әмірбаева.

Спикердің айтуынша, сақтандыру ұйымдары өтініш түскен күннен бастап 20 күнтізбелік күн ішінде қайтарылуға жататын ақша сомасын зейнетақы қорына аударуы тиіс.

Сондай-ақ нормативтік-құқықтық актке сәйкес азаматтар зейнетақы аннуитеті шартын жасасуға өтінішті қағаз түрінде ғана емес, сақтандыру компаниясының  сайты арқылы электронды түрде де жолдай алады.

Айта кету керек, 2003 жылдан бастап ел азаматтарында өмірді сақтандыру компанияларымен зейнетақы аннуитеті шартын жасасу құқығы бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу