Өмірді сақтандыру сыйақысы артып келеді

966

Өмірді сақтандыру сыйақысы артып келеді

 

Елде сақтандыру компанияларының табысы еселеніп келеді. Әсіресе, соңғы уақытта өмірінің қауіпсіздігін алдын-ала ойлап, арнайы шот ашып жатқан азаматтар артқан. 2017 жылдың қаңтар-қараша айында сақтандырудың мұндай түрінен түскен қаржы 30 млрд теңгені құраған. Finprom.kz агенттігі осындай деректі келтіруде. Нәтижесінде, 2016 жылмен салыстырғанда өмірін сақтандыруды қалаған азаматтар саны 7,2%-ға дейін өскені байқалыпты. Жалпы бүгінде өмірін сақтандыруға салым жасағандарға берілетін жеңілдіктер де өзгерген. Мәселен, салымшы өмірін сақтандыруға салған ақшасын пайдаланбаған жағдайда шот уақыты біткен соң үстеме пайызды да қатар алуға мүмкіндік берілген. Яғни, салым мәртебесі енді депозитпен тең.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу