"Өмірімдегі ең жаман сәт осы болды": Әнші Ғаділбек Жанай өкінішін айтты

2750

Танымал өнер иесі өзегін өртеген өкінішін жеткізді. 

"Өмірімдегі ең жаман сәт осы болды": Әнші Ғаділбек Жанай өкінішін айтты Фото: Таир Нұғман бағдарламасы

Белгілі әнші Ғаділбек Жаңай өміріндегі ең ауыр қайғылы жағдай – анасымен соңғы сәтте қоштасып үлгере алмағанын айтты. Өнер иесі бұл туралы Айдос Ербосынұлына берген сұхбатында жеткізді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"2007 жылы Алматы қаласында тұрамын. Ұйқыдан оянсам, өзімді өте жаман сезініп жатырмын. Еш жерім ауырмайды. Бірақ жүрегім ауырып барады. Сосын "Телефон шалады. Жаман хабар келеді" деген ой кеп жатыр. Сол кезде телефон шырылдайды. Алмаймын. Қайта хабарласты. Телефон тұтқасын көтеру керек екен. Әкемнің бауыры, немере ағам хабарласып тұр: "Ғадөш, бірінші билетпен елге кел. Анаң сырқаттанып жатыр" деді.

Содан ауылға барғанға дейінгі аралық есімде жоқ. Өмірімдегі ең жаман хәл сол сәтте болды. Ауылға келемін. Біздің үй дөңнен кейін көрінеді. Киіз үй тұр. Мамыр айында ешкім киіз үй тікпейді. Жазда күн жылыда тігеді. Сол кезде анаммен қоштасуға кеш қалғанымды түсіндім.

Менде бір аптаға дейін эмоция болмады. Мен басында түсінбедім, сенбедім. Анамды жер қойнына тапсырдық. Жетісі өтті. Сенгім келмеді. Қырық жасыма дейін мұндай күй болмаған. Өмірімдегі ең ауыр нәрсе осы болды", - деп түсіндірді Ғаділбек Жаңай.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу