Өмірзақ Шөкеев 22 жастағы жігітті штаттан тыс кеңесші етіп тағайындады

2372

 Асыл Алдаберген 1998 жылы Түркістан қаласында туған.  

Өмірзақ Шөкеев 22 жастағы жігітті штаттан тыс кеңесші етіп тағайындады

Түркістан облысы әкімінің өкімімен облыс әкімінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәселелер бойынша штаттан тыс кеңесшісі қызметіне Алдаберген Асыл Берікұлы тағайындалды, деп хабарлайды облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің "Turkistan Adaldyq alany" жобалық кеңсесінің менеджері және басшысы болған.

2019 жылдың тамыз айынан бастап 3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаменті басшысының көмекшісі қызметін атқарған.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу