Өмірзақ Шөкеев апталық аппараттық мәжілісті Арыс әкімдігінде өткізуді бастады

1011

Жиынға өңірдегі құрылым басшыларынан бөлек, республиканың барлық облыстың өкілдері қатысуда.

 Өмірзақ Шөкеев апталық аппараттық мәжілісті Арыс әкімдігінде өткізуді бастады

Бүгін Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев апталық аппараттық мәжілісті Арыс қаласының әкімдігінде өткізуді бастады.

"Мен осында 1 ай болып, құрылысты күнде басында тұрып қадағалаймын. Егер қай аудан ұйымдастыра алмаса жауаптысын жұмыстан босатамын. Ал жауапты облыстар салғырттық танытса үкімет басшысына мәлімдеймін. Халықтың мұқтажын жедел шешуіміз керек", — деді Өмірзақ Шөкеев.

Жиынға өңірдегі құрылым басшыларынан бөлек, республиканың барлық облыстың өкілдері қатысуда.

Еске сала кетсек, өткен апатының басында Арыста жойқын жарылыс болып, тұрғындар қаладан қашып шыққан еді. Наразылық шеруіне шыққан халықты Өмірзақ Шөкеев сабырға шақырып: "Мен күнде сіздермен бірге боламын. Бір ай осы жерде тұрамын",– деген болатын. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу