Өмірзақ Шөкеев: Әр тойхананың алдына бір-бір полиция қызметкерін қою керек

1197

Түркістан облысында тойханаларды полиция күзетеді. Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев арнайы тапсырма берді, деп хабарлайды inbusiness.kz. 

Өмірзақ Шөкеев: Әр тойхананың алдына бір-бір полиция қызметкерін қою керек

Коронавирустың таралуына жол бермеу үшін өңірдегі 500-ден аса тойхананы полиция қызметкерлері күзететін болды. Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен өткен отырыста айтылды. 

Аймақ басшысы коронавирусқа қарсы вакцина алу барысын бақылауды, мобильді топтардың жұмысын күшейтуді тапсырды. 

"Әр тойхананың алдына бір-бір полиция қызметкерін қою керек. Бұл да аурудың таралуына жол бермеудің тиімді тәсілі болатын шығар. Күрестің осы жолын да көру керек. Коронавирустың таралуына жол бермеу үшін  жан-жақтан күрес күшейтілсін", - деді Шөкеев. 

Карантин талаптарының орындалуын бақылау бойынша мобильді топтардың мониторинг жұмысы күшейтілді. Нәтижесінде соңғы аптада тыйым салынған 115 іс-шара анықталды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу