Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары – ауыл шаруашылығы министрі Өмірзақ Шөкеев Қарағанды облысына іс сапары аясында бордақылау алаңының жұмысымен танысты, деп хабарайды министрліктің баспасөз қызметі.
Бұдан әрі облыстың басқа да бірқатар кәсіпорнын аралады.
Жұмыртқа бағытындағы "Агрофирма Курма" ЖШС құс фабрикасы кәсіпорын жыл сайын облыстық нарыққа 260 млн дана жұмыртқаны өндіреді және сатады. Биылғы жылы кәсіпорынға биоқалдықтарды қайта өңдеу арқылы энергияны үнемдейтін швейцариялық қондырғы пайдалануға берілді. 571 млн теңгеден астам инвестиция салынды.
"Eurasian Foods" АҚ, маргариндер, майлар және сары май өнімдерін өндірумен айналысатын кәсіпорын жыл сайын 54 мың тоннадан астам өнімдер өндіреді. Қойылтылған сүт өндірісі бойынша цехтың құрылысына инвестициялайды. Өнім Ресей Федерациясына, Қырғызстан Республикасына, сондай–ақ Тәжістанға, Өзбекстан мен Түркменстанға экспортталады.
Соңында етті мал шаруашылығын дамыту бағдарламасын іске асыру мәселелері бойынша республикалық селекторлық жиналыс және өңірдің ауылшаруашылық өнімін өндірушілермен кездесу болды. Оның қорытындысы бойынша облыс әкімдерінің орынбасарларына бағдарламаға фермерлерді тартуға бағытталған шараларды күшейтуге нақты тапсырмалар берілді.