Өмірзақ Шөкеев келіссөздер жүргізуге кетті

1212

Әзірге нақты қанша су кеткені белгісіз. 

Өмірзақ Шөкеев келіссөздер жүргізуге кетті

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Сырдария облысына келіссөздер жүргізуге кетті, деп мәлімдеді облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов онлайн-брифинг барысында.

"Нақты қанша су кеткені белгісіз. Қазіргі кезде жағдайды болжай алмаймыз. Облыс әкімі көрші Сырдария облысына Өзбекстанның Су шаруашылығы министрі және облыс басшылығымен келіссөздер жүргізуге кетті. Оның нәтижелері туралы алдағы уақытта хабарлаймыз", – деді Сәкен Қалқаманов. 

Сонымен қатар облыс әкімінің орынбасары Өзбекстан тарапымен реми ақпарат алмасу әлі ретке келтірілмегенін жеткізді. 

"Су қашан тоқтайтынын нақты айта алмаймыз. Өкінішке қарай, Өзбекстан тарапымен реми ақпарат алмасу әлі ретке келтірілмеген", – деді ол.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу