Өмірзақ Шөкеев Кентаудың жаңа әкімін таныстырды

1066

Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің өкімімен, Президент әкімшілігінің келісімімен Кентау қаласының әкімі болып Рашид Аюпов тағайындалды.

Өмірзақ Шөкеев Кентаудың жаңа әкімін таныстырды

Облыс әкімі жаңа әкімді таныстыру кезінде оның жұмысына сәттілік тілеп, тұрғындардың әл-ауқатын жақсарту үшін әлеуметтік-экономикалық бағытындағы жұмыстарды күшейтуді тапсырды, деп хабарлайды inbusiness.kz аймақ әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Айта кетейік, Рашид Аюпов 1981 жылы Кентау қаласында туған.

2019 жылдың шілде айынан 2021 жылға дейін Түркістан қаласының әкімі қызметін атқарды. Өткен жылдан бері Түркістан облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарып келген.

Облыс әкімінің өкімімен Кентау қаласының бұрынғы әкімі қызметінен босатылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу