Өмірзақ Шөкеев: Мақта өсіргенді қою керек

1519

Жергілікті шаруалар мақтаның арзанға кетіп жатқанына шағым айтып отыр.

Өмірзақ Шөкеев: Мақта өсіргенді қою керек Фото: ortcom.kz

Президент әкімшілігі жанындағы орталық коммуникациялар қызметінде Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев баспасөз мәслихатын өткізді. Құрылғанына бір жылдан асқан облыстың даму көрсеткіштері туралы ақпарат берген әкім мақта егіп отырған жұрттың жанайқайына қатысты пікір білдірді. Мақташы қауым жаз бойы бейнет көріп, алған өнімінің әр келісіне 150 теңге төлеп отырған зауыттардың әрекетіне наразы көрінеді.

"Биыл Мақтаның нарықтағы бағасы төмен. Мақта өңдейтін зауыттар өнімнің әр тоннасына 120 мың теңге төлейміз деп айтқан болатын. Біз араласып, 150 мың теңгеге көтердік. Одан әрі көтерудің мүмкіндігі жоқ. Жалпы мақта туралы талай айтып келе жатырмын. Мақта егуді қысқарту керек. Өйткені өте тиімсіз дақыл болып тұр қазір. Оның орнына көкөніс, қарқынды бақ сияқты нәрселерді көбейтуіміз керек. Оны қалай жасау керектігін үйрету үшін қайта-қайта семинар өткізіп жатырмыз.  Келесі жылы бұл жағынан бетбұрыс болады деп ойлаймын", – деді облыс әкімі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу