Өмірзақ Шөкеев Мақтаарал ауданындағы жаңа үйлердің сапасын тексерді

799

Аймақ басшысы ауыл тұрғындарымен кездесіп, талап-тілегін тыңдады. 

Өмірзақ Шөкеев Мақтаарал ауданындағы жаңа үйлердің сапасын тексерді

Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев кезекті рет Мақтаарал ауданына жұмыс сапарымен барып, ондағы құрылыс жұмыстарымен танысты, деп хабарлады әкімнің баспасөз қызметі.

Аймақ басшысы ауыл тұрғындарымен кездесіп, талап-тілегін тыңдады. Әрбір үйдің құрылыс сапасын жіті тексеріп, тасқын судан зардап шеккен Өргебас және Фирдауси елдімекендерінің қалпына келтіру жұмыстарын бақылады.

Су басқан ауылдардың тұрғындары бүгінде құрылыс жұмыстарына қарастырылған кезекті транш қаржыларын алған. Аймақ басшысымен кездескен ауыл азаматтары сауалдарына тұшымды жауап алып, алғыстарын білдірді.

Өмірзақ Естайұлы Мырзакенттегі жаңа мөлтек ауданды аралап, бой көтеріп жатқан тұрғын үйлерде болды. Жаңа ауданда салынып жатқан 200 баспананың құрылысы толық аяқталған. Сонымен қатар Фирдауси елдімекенінде 53 үй, Өргебас ауылында 39 үй пайдалануға беруге толығымен дайын. Құрылыс жұмыстары тоқтаусыз жүруде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу