Өмірзақ Шөкеев: Медицина қызметкерлеріне 2 млрд 867 млн теңге үстемақы төленді

1004

Түркістан облысында 5 медицина қызметкері пневмониядан қайтыс болған.  

Өмірзақ Шөкеев: Медицина қызметкерлеріне 2 млрд 867 млн теңге үстемақы төленді

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев онлайн брифинг  барысында аймақтағы "ақ халаттылар" туралы сөз қозғады. Өңір басшысы індетпен күресте аянбай еңбек етіп жүрген мамандарға ризашылығын білдіріп, барша халықтың атынан алғыс айтты.

"Облыста 17 мыңнан астам медицина қызметкері бар. Олардың жұмысы өте қауіпті, күрделі. Олар қазір уақытпен санаспай індетке қарсы жұмыс істеуде. "Ақ халаттыларға" біз барлық елдің атынан алғыс айтамыз", – дей келе коронавирусқа шалдыққандарды емдеймін деп жанын қиған медицина қызметкерлері бар екенін жеткізді.

"Өңірде 132 медицина қызметкері коронавирустық инфекция жұқтырды. Оның 24-і жазылды. Өкінішке орай 5 дәрігер пневмониядан көз жұмды", – деді ол.

Сонымен қатар брифинг барысында үстемақы тағайындау бойынша сауалға жауапберген Өмірзақ Шөкеев өңірде бұған қатысты ешбір мәселе туындамағанын айтады. Осы уақытқа дейін Түркістан облысының "ақ халаттыларына"  2 млрд 867 млн теңге төлем жасалыпты.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу