Өмірзақ Шөкеев пенопласқа қатысты сұраққа жауап берді

1196

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің көшпелі брифингінде Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев "Керуен сарай" нысанын салуда қандай құрылыс материалдары қолданылғанын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.  

Өмірзақ Шөкеев пенопласқа қатысты сұраққа жауап берді

"Ол жерде күн сайын жүрдім. Ол темір-бетоннан, арматурадан салынған. Бұл жерде барлығы да өңірде сейсмикалық қауіп төмен болғандығына қарамастан үлкен сақтықпен жоспарланған. Әрине, әртүрлі ішкі материалдар, қабырға материалдары қолданылған. Келушілердің бірі сол материалды байқап қалып, бүкіл Керуен сарай сонымен салынған деп ойлапты. Бұл қарапайым материал. Егер ол құрылыстан хабары болса мұндай жазбайтын еді. Жалпы, Sembol әлемдік компания саналады. Ол өзінің абыройын қатты бағалайды. Олар мұндай жайт үшін абыройларына келген нұқсанға байланысты жауапқа да тартуы мүмкін", - деді Өмірзақ Шөкеев.

Өңір басшысы пенопласт арзан құрылыс материалы болғандықтан барлық жерде қолданылатындығын баса айтты.

"Ол өте арзан әрі тиімді. Жалпы, қазіргі әлемде барлығы платмассадан жасалады. Мына үстел, қаламсап, микрофон пластмассадан жасалған. Сондықтан меніңше, жоқ жерден түсініксіз хайп жасап отыр. Мұндай жайтты айтқан кезде жауапкершіліктің де болғаны дұрыс-ау. Өйткені, біз туристерді тартқымыз келеді. Шетелдік инвесторлардың қаражатын тартуға ұмтыламыз", - деді облыс басшысы.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу