Өмірзақ Шөкеев сел салдарын жою жұмыстарын тексерді

780

Төлеби ауданында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланып, арнайы комиссия жұмыс істеп жатыр. 

Өмірзақ Шөкеев сел салдарын жою жұмыстарын тексерді

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Төлеби ауданын аралап, нөсерлі жауыннан зардап шеккен нысандарды ретке келтіру жұмыстарын тексерді, деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі. Төлеби ауданында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланып, арнайы комиссия жұмыс істеуде. Облыс әкімінің орынбасары М.Мырзалиев төрағалық ететін төтенше жағдай бойынша штаб құрылып, су басқан елдімекендерде тиісті жұмыстарды атқару үшін 4 сектор белгіленген болатын. Әр секторға жауапты болып Қазығұрт, Ордабасы, Сайрам, Төлеби аудандарының әкімдері бекітілген. 

Орын алған жағдайды ретке келтіру мақсатында бүгінгі таңда 293 адам, 27 мотопомпа, 38 техника жұмылдырылған. Келтірілген залал шығындарын анықтау жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі уақытта селден жапа шеккен 30 астам үй анықталып, олар қайта салынатын болады.

Сондай-ақ, нөсер жауынның салдарынан Жоғарғы Қасқасу елдімекеніндегі Қасқасу өзені бойында орналасқан 4 көпірді су шайып кеткен болатын. Қазіргі таңда жобалық құны 82,8 млн теңге болатын 4 көпірдің сметалық құжаттамалары әзірленген.

Естеріңізге сала кетейік, нөсер жауынның салдарынан Төлеби ауданындағы өзендердің су деңгейі көтеріліп, арық-атыз, қыр-сайлардан жиналып аққан жаңбыр суынан 6 елді мекендегі 250 тұрғын үйлердің ауласына, оның ішінде 76 үйге су кірген болатын.           

  

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу