Өмірзақ Шөкеев: Түркістан облысында жағдай тұрақтала бастады

1155

Стационарлардың жүктемесі 41%-ға босады. 

Өмірзақ Шөкеев: Түркістан облысында жағдай тұрақтала бастады

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев аймақтағы коронавирустық инфекцияға қатысты жағдайды баяндады. 

"Коронавирусқа қарсы жүйелі түрде шаралар қабылданып жатыр. Жағдай тұрақтанып келеді деп айтуға болады. Қазіргі кезде провизорлық стационарларда 1891 орын, карантиндік стационарларда 980 орын бар. Осыдан бір апта бұрын ауруханаларда орын жетіспей жатса, қазіргі кезде олардың 41%-ы босады", – деді Өмірзақ Шөкеев. 

Сонымен қатар ол шаһарда жұмыс істеуге рұқсат етілген нысандар туралы сөз қозғады. 

"Екі апталық карантинге байланысты көптеген мекемелердік жұмысы шектелді. Алайда өңір тұрғындарының тыныс-тіршілігіне қажетті энергетика, су, газбен қамтамасыз ету, байланыс саласы, жанар-жағармай станциялары мен дәріханалар қызметі шектелмейді. Далағы азық-түлік сататын базарлары жұмыс күндері 16:00-ге дейін, демалыс күндері 13:00-ге дейін, азық-түліктік емес базарлар жұмыс күндері 16:00-ге дейін, демалыс күндері қызметі тоқтатылады", – деді Өмірзақ Шөкеев. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу