Өмірзақ Шүкеев қос министрді айыптады

1131

Қаржы министрі 11 айдағы игерілмеген бюджет қаржысы 50 млрд теңгеге жеткенін мәлімдеді.  

Өмірзақ Шүкеев қос министрді айыптады

Бүгін Үкімет отырысында Асқар Мамин бюджет қаржысын уақытында игере алмай жатқан өңір басшыларына шетінен ескерту жасады, деп хабарлайды Atameken Business.  

11 айдың қорытындысы бойынша бюджет ақшаның 50 млрд теңгесі мақсатты жеріне жұмсалмағаны анықталған. Ал жылдың аяқталуына 2 апта ғана қалды. Демек, оның көлемі өспесе, азаймайтыны анық. Қаржы министрі Әлихан Смайыловтың айтуынша, игерілмеудің ең көп мөлшері Түркістан облысында – 12  млрд теңге. Нұр-Сұлтанда – 8 млрд, Шымкентте 7 млрд, Алматыда 6 млрд, ал Атырау мен Манғыстау облыстарында  – 3 млрд теңгеден тұр. Бірақ Тұркістанның "қара тізім" басына шығуын күтпесе керек, облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев бұған "қаржыны кеш бересіңдер" деп Қаржы мен Еңбек министрлерінің өздерін айыптады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу