"Мұғалім сыныпта болмаған": Түркістан облысында оқушы қыз мектептің үшінші қабатынан құлап кетті

3850

Түркістан облысында 8-сынып оқушысы мектептің үшінші қабатынан құлап кетті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Мұғалім сыныпта болмаған": Түркістан облысында оқушы қыз мектептің үшінші қабатынан құлап кетті Фото: бейнеден

Оқыс оқиға Келес ауданының орталығы Абай ауылындағы Омар Есімов атындағы мектепте болды.

Физика пәні кезінде мұғалім сыныпта болмаған. Осы кезде 8-сыныптың қыздары арасында жанжал туындапты. Көп ұзамай жоғары қабаттағы терезеден оқушылардың бірі құлап кеткен.

Ауыр жарақат алған Аружанның жақындары оқушының өзі секіргенін, не абайсызда құлап кеткенін білмейді.

Тексеріс басталды. Ал ауыр жарақат алған 14 жастағы қыз Келес ауданы ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр.

"Басынан жарақат алған. Бел омыртқасы, жамбасы сынған. Емдеу протокол бойынша өткізілді. Жағдайы жақсарған соң бірінші травматология бөліміне ауыстырылды", – деді Келес ауданы Абай ауруханасының дәрігері Әбдісамат Утамұратов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу