Он адам 200 000 теңге алды

1064

Атырау облысында екпе алғандар арасында ұтыс ойнатылды. 

Он адам 200 000 теңге алды

Атырауда екпе салдырған он адам екі жүз мың теңге ұтып алды. Оларыдң кім екені тікелей эфирде кездесейсоқ сандар арқылы анықталды, – деп жазды inbusiness.kz  тілшісі.

"Вакцина ал да, ақшалай сыйлыққа ие бол" ұтыс ойынын Атырау облыстық Азаматтық альянсы ұйымдастырып отыр. Ол 30 қыркүйекке дейін әрбір он күн сайын короновирусқа қарсы екпе алған өңір тұрғындары арасында ойнатылады. 
Тікелей эфирде тәуелсіз бақылаушылардың қатысуымен кездейсоқ сандар генераторы арқылы 200 мың теңгелік 10 сертификаттың иесі анықталды. Олардың арасында Атырау қаласынан бөлек, Қызылқоға, Құрманғазы, Жылыой аудандарының тұрғыны бар. 

Айта кетейік, ұтыстың жүлде қоры - 40 млн.теңге. Оның ішінде, тамыз айында 3 млн.теңге көлеміндегі екі сертификат ұтысқа түспек. Ал қазан айында 10 млн.теңгелік басты ұтыс ойналады.  

Қазіргі күні дерт жағдайы бойынша Атырау облысы "қызыл аймақта". "Covid-19" жөніндегі соңғы статистикаға сәйкес, 46 науқастың жағдайы ауыр саналады, 6 пациент жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, қазіргі күні инфекциялық стационарларда 790 адам ем қабылдап жатыр. Жансақтау бөлімшелерінде 46 пациент бар, олардың алтауы жасанды тыныс алу аппаратына дем алуда.

Құралай Қуатова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу