Он мыңдаған адам ереуілге шықты

800

Мьянмада он мыңдаған адам әскерилердің билікті басып алуына қарсылығын білдіру үшін ереуілге шықты. Бас көтерудің басталғанына үш күндей болды. 

Он мыңдаған адам ереуілге шықты

Ереуілшілерді тарату үшін тәртіп сақшылары суатқышты қолдануда. Әзірге жарақат алғандар туралы ақпарат жарияланбады. Наразылық шаралары ел астанасы Нейпьидода, Янгонда, Мандалайда және бірқатар қалада өтіп жатыр. Бас көтергендер әскерилерден президент пен мемлекеттік кеңесшіні босатуды талап етуде.

1 ақпанда әскерилер төңкеріс барысында Мьянманың мемлекет басшыларын қамауға алып, бір жылға төтенше жағдай жариялаған еді. Қазір билік Қарулы күштердің бас қолбасшысы Мин Аунг Хлайнның қолында. Ал президенттің қызметін вице-президент Мьинт Шве атқарып жатыр. Бұған дейін әскерилер 400-ге жуық адамды (қатарында депутаттар бар) босатқан еді. Бірақ "демократияны қолдайтын Ұлттық лига" деп аталатын партияның басшылығы мен оның жетекшісі Аун Сан Су Чжи әлі де үй қамағында.

АҚШ, Аустралия, Британия, ЕО және БҰҰ қамаудағыларды босатуға үндеп отыр.

Табиғат Нұрболат

Фото: ft.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу